ЖАҢАЛЫҚТАР
Новошульба ауылдық округінде аудан әкімі есеп берді
Қаңтар айының 28-інде Новошульба ауылдық округінде аудан әкімі Т.Б.Қасымов. Жиын алдында Бородулиха аудандық АІІБ бастығы Д.Ибраев салтанатты түрде ішкі істер ардагері Қ.О.Ордабаевқа «ІІБ құрметті ардагері» медалін табыс етті. Қадыр Оразғалиев республикамызбен Президентімізге берілген жоғары награда үшін алғысын білдіріп, аудан мен округтің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысатының уәде етті.
Жиналысқа облыс әкімінің өкілі, облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы А.А.Аубакиров, аудандық маслихат хатшысы Б.К.Аргумбаев, аудан әкімінің орынбасарлары А.А.Нұрғожин, Д.А.Гариков, ауданның дербес бөлімдері мен мекеме бастықтары қатысты.
Ауыл шаруашылығы үшін жыл ауыр, бірақ табысты болды. Астық дымқыл болғандықтан оны жинау қиын жағдайда өтті. Бірақ уақыт бір орында тұрмайды. Көктем келісімен шаруалар қайта далаға шығады. Көбінің техникасы тозған. Мемлекет жаңа субсидияларды тек жаңа технологияларды қолданушыларға бөлетіні белгілі, ал шағын шаруашылықтар өздерінің материалды-техникалық базасымен оны көтере алмайды, бірігу туралы ойлаған жөн.
Көбі жергілікті бастамаға байланысты. Округтің адамдары еңбекқор, және барлық бастамаларда олар аудандық әкімшілікті қолдайды.
Әлбетте, 2009 жылда аз істелген жоқ. «Жол картасы» бағдарламасының нәтижесі қуантарлық. Жылдар бойы қол жетпей жүрген көптеген обьектілер жөндеуден өтті. Ал бұл дағдарыс жағдайында оңайшылықпен жасала қойған жоқ.
Сол сияқты жиналыста аудандық маслихат депутаты, «Алекс» ш/қ басшысы А.А. Подкорытов сөз алды. Ол бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығында енгізіліп жатқан жаңа технологиялар жайлы сөйледі. Әрине, мұнда адамдардың денсаулық сақтау ісін басты назарға алу керек. Медициналық көмекті қажет ететінде оны жоғары сапа мен толық мөлшерде алуы керек.
|