КАЗ    РУС
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БЕЛМЕСIMЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ
На главную

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

IV шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кеңейтілген кезектен тыс XХIV сессиясы өтті

 

 

2010 жылдың 3 ақпанында аудандық мәдениет үйінде Бородулиха аудандық мәслихатының кеңейтілген кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Аудан әкімінің «2009 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және аудан дамуының 2010 жылға арналған мүмкіндіктері туралы» есебі.
    Баяндамашы:
    Қасымов Талап Байғалиұлы – Бородулиха ауданының әкімі.
  2. «Бородулиха ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев, аудан әкімі Т.Қасымов, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Аргумбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Е.Зәйтенов, құқық қорғау органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері,  саяси партиялар мен қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың, діни конфессиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдастық өкілдері қатысты.
Сессияны сессияның төрағасы, № 6 Андроновка  сайлау округінің депутаты Қ.Ғалиев жүргізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  аудан әкімі Талап Байғалиұлы Қасымов баяндама жасады. Аудан әкімі баяндамасының мәтіні күні бұрын  аудандық газетке жарияланған болатын. Сондықтан болар, аудан тұрғындарының кездесу кезінде қойғысы келген сұрақтары мен айтқысы келген ойлары дайын болатын.
Аудандық мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Хасенов 2009 жылға дейін аяқталуға тиіс болған «Ауыз су» мәселесін қозғады. Сонымен бірге бородулихалықтарды Бородулиха ауылының шетінде орналасқан көлдің жағдайы да мазалайды. Бұл көлдің булануы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Қарттар мен мүгедектерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қамқорлық туралы аудандық мәслихаттың депутаты, қарттар мен мүгедекетер арналған дәрігерлік-әлеуметтік мекеменің директоры В.Ежова баяндады. Ауданда білім беру саласында, бұқаралық спортты дамытуда көп жұмыстар атқарылды. Бұл мақсаттарға арналған қаржы көлемі де ұлғайтылды.
Облыстық мәслихаттың депутаты, «Е.Зәйтенов» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зәйтенов Егіншілікке де малшылыққа да мемлекеттік субсидия бөлуге арналған құқықты анықтау жүйесі туралы шаруашылық басшыларының көкейкесті мәселесін көтерді. Қазіргі қолданыстағы жүйе өңдеуді қажет етеді. Ол Қазақстан Республикасы Перзидентінің Жолдауындағы еңбек өнімділігін көтеру туралы айтылған тұсқа назар аудартты. Бұл бағытта қажырлы, әрі тыңғылықты жұмыс істеу керектігін білдірді.
Новопокровка ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Н. Яровой да өз сөзінде ауыл шараушылығындағы жағдайға көп орын берді, ауыл шаруашылығының Президент алға қойған міндеттерге сай ілгері жылуы үшін жаңа техникамен жарақтандыру қажеттігін, мал шаруашылығын дамыту, орта буын мамандарын дайындау, мектепке мамандықтар бойынша оқытуды және еңбекке оқытуды енгізу, ауылдың инфрақұрылымын көтеру керектігін атап өтті. Бұл үшін кейінге қалтырмай нақты шаралар ойластырып, оларды орындауға кірісу керек деп ой түйді.
«Нұр Отан» ХДП ҚБ бастапқы партиялық ұйымының төрағасы Ү.Тұрлыбекова «Жол картасы» объектілеріне партиялық бақылау жасау жөніндегі жұмыстар туралы айтты. «Жол картасының» жалғастырылатынына ризашылығын білдірді. Аудан әкімі жыл бойы өзінің уәдесін орындағанын, сондықтан халықтың атқарушы билікке деген сенімінің өскенін атап өтті.
Үмітханым Жабайханқызы облыс әкіміне ауданымызға келгені үшін алғысын білдірді, бұл – ауылдастарымыздың одан әрі жұмыс істеуіне құлшыныс беретіндігін білдірді.
Ауданның Құрметті азаматы, Новошүлбі селолық округі ардагерлер кеңесінің, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қ.Ордабаев өз сөзінде Новошүлбі ауылдық округінің мәселелері туралы баяндады.
Дмитриевка ауылдық округінің украин мәдени орталығының жетекшісі М.Ковальчук Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының аса құнды әлеуметтік бағдарламасын аатап өтті, ауданды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін көп жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Көп бабалы жанұялар атынан көп балалы аналарға жәрдемақы төлеу жүйесі туралы мәселе көтерді, оның ойынша бұл жерде бірқатар қарама-қайшылық бар: егер жанұяның шаруашылық ұстаса, бау-бақша ексе, онда осыған байланысты оларға жәрдемақы берілмейді, керісінше ештеңемен айналысуға құлқы жоқ адамдарға жәрдемақы беріліп отыр. Бұл - өкімет асырайды деген көңіл күй тудырады, негізінде бұлай болуға тиіс емес.
Аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер А.Сқақов Жезкент – Ивановка көлік жолын жөндеуге қатысты өз алаңдаушылығын білдірді, бұл мәселені кейінге қалтырмай шешу қажеттігін білдірді.
Сонымен қатар сессияда аудандық Кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Д.Жаботинский, білім беру жұмысшылары кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Галиева және басқалар сөз сөйлеп, сұрақтар қойды.
Сөз сөйлеулер аяқталғаннан кейін аудан тумасы, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, экология және география кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, химия профессоры, академик Михаил Семенович Панинге Бородулиха ауданының Құрметті азаматы дипломын табыстау рәсімі өтті.
Өз кезегінде сөз алған ол 50 жыл бойы мұғалімдер корпусын қалыптастыру бағытындағы өз ісіне көрсетілген құрмет үшін шын жүрегімен ризашылық білдірді. Сонымен қатар М.Панин Н.Островский атындағы орта мектепті ғылыми-педагогикалық жұмыстар орталығы жасауды көздейтіндігін ортаға салды.
Одан әрі барлық ұсыныстар мен қойылған сұрақтарға аудан әкімі Т.Қасымов және облыс әкімі Б.Сапарбаев жауаптер қайтарды.
Бердібек Машбекұлы бородулихалықтар алдында сөз сөйлей отырып, жыл барысында орын алған оң өзгерістерді атап өтті, алайда шешілуге тиіс міндеттердік де көп екенін баса айтты. «Әкімдердің жыл сайынғы есептері басшылардың халық алдындағы жауапкершілік деңгейін көтереді, халық сенімінің деңгейін жоғарылатады. Бұндай кездесулер өте қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 14-ші Жолдауы жарыққа шықты. Қазақстандықтар оны асыға күтті, шын көңілдерімен қабыл алды. Жолдауда белгіленген барлық міндеттер адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Барлық бағдарламалар қаражатпен қамтамасыз етілген.
Ауыл шаруашылығында қайта өңдеуді дамыту қажет, барлық жағынан үнемділік жасаған дұрыс, бөлінген мемлекет қаражатын тиімді шығындаған жөн, шаруашылықты біліктілікпен жүргізіп, дәнді-дақылдардың өнімділігін жоғарылаты бағытында жұмыс істеу керк, себебі бородулихалық алқаптардың бал-бонитетімен алғанда, қол жеткізіп отырған өнім өте төмен.
Бородулихалықтар Семей қаласы маңында азық-түлік белдеуін құру бағытындағы өз міндеттерін ұмытпауы қажет», - деді облыс басшысы.
Бердібек Машбекұлы қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды, енгізілген ұсыныстардың өз деңгейінде қаралатындығына уәде берді.
Сөз соңында ол ардагерлерге белсенділіктері үшін алғыс білдірді, барлық бородулихалықтарға Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында қойылған міндеттерді шешу бағытында жұмылып еңбек етуді тіледі.

 

Құрметті Бородулиха ауданының электронды әкімшілік порталына кірушілер!

Бородулиха ауданының сайтына қош келіпсіздер.
Подробнее...

 

 


 

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

 

 

Сайттың әкімшісі: Гүлжан Серікбаева
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail:GSerikbaeva@boroduliha.vko.gov.kz,
akimatboroduliha@yandex.ru


Copyright © 2008-2010