ЖАҢАЛЫҚТАР
Бородулиха ауданы Конституция күні Петропавловка ауылдық округінде
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституция Күні. Осы жылы Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында осы Күнді тойлау бойынша бастаманы өз мойнына Ардагерлер Кеңесі алды. Алдын ала ауылдық округі әкімдігімен бірге мерекенің сценариясы ойластырылды. Ардагерлер Кеңесінің белсенді мүшесі Светлана Васильевна Андрейцева үлкен көркем хабарлама дайындады. Таңертеннен бастап барлығының көңілдері көтерінкі болды.
Негізгі шаралар ауылдық әкімдігінің актілік залында өтті.
Округ әкімнің міндетін атқаушы Ш.А.Абдилов қатысқандарды «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Негізгі Заң» дәрісімен таныстырды. Мерекеге Ардагерлер Кеңесінің төрағасының 2009-2010 жылдарға істеген жұмысы бойынша есеп ұштастырды. Бір дауыспен Кеңес жұмысы қанағаты деп белгіленді.
Әрі қарай, тәрбие бойынша орта мектептің мүдірінің орынбасары Л.Ю. Полякова ҚР Конституциясының бабтарын білу бойынша танымал викторина өткізді.
Салтанатты бөлімнен кейін үлкен мерекелік концерт өтті, оған мұғалімдер, дәрігерлер, Ардагерлер Кеңесінің мүшелері, округтің жас дарындары қатысты. Мемлекеттік және орыс тілдерінде көп патриоттық, сырластық әндер айтылды. Мереке «Сандуғаш» кафесінде шәй ішумен аяқталды, онда мерекені ұйымдастырушыларға көп алғыс сөздер айтылды. Сонымен қатар кәсіпкерлер күшімен мерекелік сауда ұйымдастырылды.
|