КАЗ    РУС
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БЕЛМЕСIMЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ
На главную

 

 

 
Әлеуметтік қорғау

 

Егерде сiз жұмысыңыздан айырылып қалсаныз

 

Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келесі мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылады: қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау мен қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындары. Жұмыссыздықты тежеу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың тиімділігін  қамтамасыз етуге бағытталған жастар тәжірибесі.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып келгендер мен жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін, 126 жаңа жұмыс орындарын құру арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың санын 350 адамға дейін өсіру жоспарлануда.
Тұрғындарды барынша жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып жұмыссыздарды оқыту мен қайта оқыту ұйымдастырылады. 2009 жылы кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілетіндердің санын 45 адамға дейін өсіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта газды электромен пісіруші, шаштараз, ЭЕМ операторы, механизатор мамандықтары бойынша топтар жинастырылып жатыр.
Оқу орындары түлектерін жұмыссыздықтан қорғау, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі мен кәсіби машықтандыру мақсатында 3 адамға жастар тәжірибесі ұйымдастырылды.
Кәсіпорындарда 218 жаңа жұмыс орындары құрылды. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 2009 жылы қосымша 42 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

 

Анықтама алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады:

Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі 25-үй:
Кәсіби оқу, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша бас маман Увашова Эльвира Бүркітханқызы (12 кабинет),
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа жұмыс орындарын құру  мәселелері бойынша бас маман Алшимбаева Сайлигүл Кенжеғалиқызы (13 кабинет),
Байланыс телефоны, факс: (8-72-351) 2-16-65,
e-mail bor_c@mail.kz

 

 

Құрметті Бородулиха ауданының электронды әкімшілік порталына кірушілер!

Бородулиха ауданының сайтына қош келіпсіздер.
Подробнее...

 

 


 

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

 

 

Сайттың әкімшісі: Гүлжан Серікбаева
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail:GSerikbaeva@boroduliha.vko.gov.kz,
akimatboroduliha@yandex.ru


Copyright © 2008-2010